«АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ» » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Шымкент қаласы білім басқармасының
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 41-82-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 41-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ»
09
январь
2024

«АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ»

     Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында 5.01.2024 ж. «Бала тәрбиесі- баршамызға ортақ міндет» тақырыбында 1-11 сынып ата-аналар жиналысы болып өтті. 
Қаралған мәселелер:
1. ІІ тоқсан қорытындысы, мектеппен ата-ананың байланысы.
2. «Қыз намысы – ұлт намысы», «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен», «Отбасылық таланттар»,«Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет» 
3. «Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу. 
4. Мектепте құрылған үйірмелерге оқушылардың қатысуы, ІІ тоқсанда сынып оқушыларының жеткен жетістіктері. 
5. Үй жағдайында газ, көмір иісінен сақтану, қауіпсіздік шараларын қарау.
6. Әр түрлі мәселелер.
      Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды.  
     Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қамтылып, қарастырылды. 
Ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив