"Математика - ақыл-ойдың әуені" математика кафедрасының онкүндігі
Шымкент қаласы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында 04.10.2021 - 16.10.2021ж. аралығында "Математика - ақыл-ойдың әуені" тақырыбында өткізілген математика кафедрасының онкүндігінің жабылуы салтанатты түрде өткізілді. Математика мұғалімдері мен дәл ғылымға зор қызығушылығын танытқан 5-11 сынып оқушыларының ынта дәрежесін дамытатын ашық сабақтар, математикалық олимпиадалар, зияткерлік сайыстардың қорытындысы шығарылып, онкүндік беттерінен бейне көрсетілім қойылды.