30
октябрь
2021
ӘДІСТЕМЕСІ МЫҚТЫ МҰҒАЛІМ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе оқу құралдары арқылы да жетеді. Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алып келеді. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жүйесіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі – Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның үнемі ізденісте болып, білімін шыңдап, әдістемелік-ғылыми бағытта түрлі еңбектер жазып, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл құзыретті тұлға. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Қазіргі заманауи мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат. Осындай ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтқан Шымкент қаласындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында бұл мәселе жан-жақты қамтылған. Бәсекеге қабілетті тұлға дайындау жолында білім, спорт, өнер және ғылым салаларын шебер үйлестіре отырып, өзінің 9 жылдан астам тарихы барысында Қазақстан Республикасы бойынша ешқандай мектепте жоқ әдістемелік құралдар кешенін жасап, жинақтады. Бұл үдеріс жыл сайын толықтырылып, көктем айында өтетін дәстүрлі ғылыми-әдістемелік семинарда заңды жалғасын тауып келеді. Әдістемелік оқу құралдарын, жұмыс дәптерлерін, көмекші құралдарды шығарудағы мақсат – ұстаздардың білім беру үдерісінде өздері сабақ беретін пәндер бойынша жинақтаған, іздене отырып дамытқан тәжірибелерін, білімдерін әдістемелік-ғылыми бағытта қағаз бетіне түсіріп, оқушыларға бәсекеге қабілетті білім беру барысында жүйелі қолдану. Оқушыларды жан-жақты, шығармашыл, алған білімдерін өмірде қолданатын, заманауи білім кеңістігіне енетін, білім мен ғылымға бірдей ден қойған, бәсекеге қабілетті тұлға етіп шығару. ҰБТ-ға жүйелі дайындықтың көзі десек те болады.
Әдістемелік-оқу құралдар кешенін жасауға идея беруші, Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында дүниеге келген «Асар» мөлтекауданында 2012 жылы ашылған №90 жалпы орта білім беретін мектебіне директор болып тағайындалып, мектептің барлық сала бойынша 9 жылдан астам уақыт ішінде республикаға танылуына және 2020 жылы алдымен, «мектеп-гимназия», одан соң «дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия» мәртебесін алуына ықпал еткен мектеп-гимназия директоры Орынбеков Арман Шымбайұлы болатын. Осы орайда Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының директоры Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова бастаған әдіскерлер де өздерінің әдістемелік көмектерін беріп, қолдау көрсетіп келеді. Арман Шымбайұлы әдістемелік оқу құралдарын жазып, жарыққа шығаруды бұдан бұрын өзі ұстаздық етіп жүрген уақытта бастап, бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы еді. Оның осы уақытқа дейін шығарған оқу-әдістемелік құралдары мен кітаптары:
1. “Қазақстан тарихы” оқу-әдістемелік құралы, 2021 ж.,
2. “Қазақстан тарихы” оқу-әдістемелік құралы, 2020 ж.
3. «Қазақстан тарихы» оқу- әдістемелік құралы 2019ж;
4. «Қазақстан тарихы» оқу құралы, 2018 ж.;
5. «Қазақстан тарихы» оқушы анықтамалығы 5-11-сыныптар, 2017ж;
5. «Қазақстан тарихы» оқу құралы, 2013 ж.;
7. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5-11-сыныптарға арналған жұмыс дәптері, 2013-2016ж;
8. «Қазақстан тарихы» әдістемелік оқу құралы, 2014 ж.;
9. «Қазақстан тарихы» анықтамалық, 2014ж.;
10. «Қазақстан тарихы» (б.з.б. 2млн. 500 мың ж. – б.з. XVIII ғ.) пәнінен көмекші оқу құралы, 2008 ж.;
11. «Қазақстан тарихы» анықтамалығы, 2010 ж.;
12. «Қазақстан тарихы» анықтамалығы, 2009 ж.;
13. «Дүние жүзі тарихы» көмекші оқу құралы, 2008 ж.;
14. «Әлемнің қысқаша әмбебап анықтамалығы, 2008 ж.;
15. «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» көмекші оқу құралы, 2008 ж.;
16. «Қазақстан тарихы» (Тесттер жинағы) көмекші оқу құралы, 2008 ж.;
17. «Ежелгі дүние тарихы» (кестелер мен тест тапсырмаларының жинағы) кітабы, 2007 ж.;
18. «Дүние жүзі елдерінің қысқаша энциклопедиялық анықтамалығы», 2006 ж.;
19. «Түркі өркениетінің ортақтығы және болашағының көкейтесті мәселелері» атты ғылыми мақаланың тең авторы, Ғылыми жинақ, 2004 ж.;
20. «Адамзаттың, түркілердің ұлы қолбасшысы Аттила (Еділ)» тарихи топтама кітабы, 2004 ж.;
21. «Оқушылардың ғылыми жұмыстарын дайындауға арналған жетекші әдістемелік нұсқаулар» атты әдістемелік құралы, 2004 ж.
22. «Қазақ халқының билік айту және жаза қолдану дәстүрлері» атты кітабы, 2004 ж.
Арман Шымбайұлының бастамасымен, 2013 жылдан бастап, 90-ға жуық оқу-әдістемелік құралдары жарық көріп, мектепте оқу-әдістемелік құралдар кешені қалыптасты. Атап айтар болсақ:
2013-2014 оқу жылдарында жарық көрген оқу-әдістемелік құралдары:
1)Математика (1-4сыныптар логикалықтапсырмалар)
Авторы: Кусимбетова Улжалғас Тореханқызы.
Әдістемелік құралда бастауыш сынып оқушыларының математика пәні бойынша логикалық тапсырмалары қамтылған;
2) Жалпы биология(талапкерге арналған құрал)
Авторлары:Анарбаева С.А Жұманова Б.С Бижигитов Н.А.
Көмекші құралдан 6-11 сынып оқушылары мен жоғары оқу орынына түсушілер жан-жақты көмек ала алады.
3) Ежелгі дүние тарихы (көмекші құрал)
Авторы: Илесова Айнұр Қынабекқызы.
Әдістемелік көмекші құрал «Ежелгі дүние тарихы» бойынша сұрақ-жауап ретінде құрастырылған.
4) Русский язык(Пособие по подготовка е ЕНТ)
Автор:Тасимова Венера Карабековна
Пособие предназначено для учащихся старших классов,а также для абитурентов ,которые самостоятельно готовятся к ЕНТ.
5) Қазақ тілі (Талапкерге арналған құрал)
Авторлары: Бакирова К.М., Ходжагелдиева Р.Е.
Әдістемелік құрал орта мектеп оқушыларына мектеп бітіру, сондай-ақ жоғары оқу орындарына тура емтихандарына дайындық үшін ыңғайлы етіп жасалған.
6) Русский язык (Пособие по подготовке к ЕНТ).
Авторы: Тасимова В.К, Сабиркулова Ш.А.
Пособие включает все разделы русского языка и дает полное знание по всем разделам практического курса русского языка.
7) Қазақстан тарихы (Әдістемелік құрал).
Авторы: Табылдиева Айжан Темірханқызы, Серкебаев Еділ Шахшанбайұлы.
Әдістемелік құрал еліміздің тарихы бойынша ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын оқиғаларды қайталауға мүмкіндік береді.
География сабақтары. 8-сынып. Мұғалімнің күнтізбе-сабақ жоспарлары
Авторы: Есренова Т.Н.
География сабақтары оқулығы сан түрлі сабақ үлгілерін орта мектеп мұғалімдер қауымына, педагогикалық оқуорындарының студенттеріне, методикалық жұмыспен шұғылданатын мамандарға ұсынылады.
9) География (әдістемелік оқу құрал).
Авторлары: Қалымбетова С., Муздыбаева Н., Муратов Н.
Әдістемелік құрал орта мектеп оқушыларына мектеп бітіру, сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына дайындық үшін ыңғайлы етіп жасалған.
10) Жалпы биология (талапкерлерге арналған құрал)
Авторлар: Омарова Б.А., Момбекова М.У.
Авторлар ұсынылып отырған көмекші құралында «Биология» пәніне қатысты, оқушыларға керекті теориялық мәліметтер көрнекті ғалымдардың еңбектерін мектеп бағдарламасы аясында ықшамдалып, бейімделіп берілген. Оқулықта «Биология» курсының барлық салалары қамтылған.
2014-2015 оқу жылдарында жарық көрген оқу-әдістемелік құралдары:
1) Математика(талапкерлерге арналған көмекші құралы)
Авторы: Омаров Әшімхан Кәрібайұлы.
Ұсынылып отырған көмекші құралда орта білім беретін мектептердің математика курсының бағдарламасы аясында дайындалған логикалық есептер жинағы берілген.
2) Жалпы биология
Авторлары: Абдрашова Н.Т., Омарова Б.А., Есентуреева Г.Д.
Көмекші құрал орта мектеп оқушыларына мектеп бітіру, сондай-ақ жоғары оқуорындарына түсу емтихандарына дайындық үшін ыңғайлы етіп жасалған.
3) Қазақстан тариxы. Жұмыс дәптері
Авторлары: Орынбеков Арман Шымбайұлы, Табылдиева Айжан Темірханқызы
Жұмысдәптері «Қазақстантарихы» бойынша ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын оқиғаларды қайталауға мүмкіндік береді. Жинақ мектепо қушыларына, мектептегі тарих пәні мұғалімдеріне, жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған.
4) Математика (ЖОО түсушілерге арналған оқу құралы)
Автор: Шокеманов Е.Қ.
Көмекші құрал мектеп математикасындағы теориялық білімдерді есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын шыңдауға,пысықтауға ықпал етеді.
5)Жалпы биология (оқу құралы)
Авторлары: Анарбаева.С.А Атабекова.Г.С Райымкулова. Ж.А.
«Биология» пәнін игертуді көздейтін аталған көмекші құрал орта мектеп оқушыларына мектеп бітіру, сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына дайындық үшін ыңғайлы етіп жасалған.
6) Биология: ЖОО түсушілерге арналған көмекші құрал
Авторлары:Бижигитов Н.А, Атабекова Г.С, Раймкулова С.Д
Ұсынылып отырған көмекші оқу құралы мектеп бағдарламасы бойынша «Биология» пәнінің ең басты мәліметтерін қамтитын тақырыптардан тұрады.
7) География көмекші оқу құрал.
Авторлары: Муратов Н.Б,Ширманова Ж.Т Оңалбеков Е.О.
«География» пәнін игеруді көздейтін аталған көмекші құрал қазіргі кезде қойылатын талаптарға сәйкес дайындалған.

Авторлары : Муратова А.А Жұманов Б.С.
Әдістемелік көмекші құрал Отанымыздың ХVІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі тарихының маңызды оқиғалары сұрақ-жауап ретінде құрастырылған.
9) Информатика 5-9 сыныптарға арналған тест тапсырмалар жинағы
Авторлары: Ерденова Г.А , Абдугаппаров Қ.К.
Сұрақ-жауап ретінде беріліп отырған көмекші құрал оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытады, сұрақтар құрастыруға дағдыланады, қызығушылығын оятады.
10) Методическая разработка "Дидактические игры на занятиях русского языка". Авторлары:Р.С.Шахабаева,Б.К.Бейсекова.
Методическая разработка составлена в соответствии стиповой программой дисциплины "Русский язык"и включают все необходимые сведения по выполнению тем практических занятий.
11) Қазақ тілі: бастауыш сыныптарға арналған жұмыс дәптері.
Авторлары: Болтаева Л.А , Есханова П.И.
Ұсынылып отырған " Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жұмыстар" орта мектептердің бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеуде таптырмас бірден-бір құрал.
12) Қазақ тілі
Авторлары: Калибекова К.Ж, Балтаева Г.А.
Ұсынылып отырған мектеп оқушыларына арналған көмекші оқу құралы мектеп бағдарламасы бойынша "Қазақ тілі" пәнінің ең басты мәліметтерін қамтитын тақырыптардан тұрады.
13) Ағылшын тілі пәнінен оқу құралы: мектеп оқушыларына және тілдік емес мамандық студенттеріне арналған.
Авторлар: Акылбаева Г.А, Кадыркулова Ж.Н, Жамантаева И.К.
Ұсынылып отырған оқу құралы мектеп оқушыларына, ОЖСБ, ҰБТ тапсырушыларға, тілдік емес мамандық студенттеріне және ағылшын тілін өз бетінше үйренушілерге арналған.
14) Ана тілі (1-4 сыныптарға арналған ашық тест тапсырмалары).
Авторлар: Басымбекова Ю.Х., Насырова З.Т
Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық ізденіске қызығушылығын арттырады, танымдық дағдыны қалыптастырады.
15) Қазақ тілі бастауыш сыныптарға арналған жұмыс дәптері.
Авторлар: Кадыркулова.Қ., Абдуллаева Б.
Бұл қосымша оқу құралы бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін тиянақтау мақсатында құрастырылған.
16) Математикадағы тарихи мағлұматтар: оқу құралы.
Авторлары: Бекжігітова М.Т., Бекжігітова С.Т.
Оқу құралы педагогикалық институттар мен университеттердің физика – математика факультеттерінің студенттеріне, орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналып жазылған.
17) Ағылшын тілін үйренуге арналған жаттығулар жинағы.
Авторы: Ерназарова Ботагөз Қаржаубайқызы.
Жұмыс дәптері ағылшын, орыс тілін өз бетімен меңгеруге талпынған оқушыларға өте пайдалы.
18) Ертегілер әлемі. Авторы: Айдарова С.
Бұл жинақталған ертегі кітапша 5-6 жасар балаларға және бастауыш сынып оқушыларына пайдалануға лайықты.
2015-2016 оқу жылдарында жарық көрген оқу-әдістемелік құралдары:
1) Матрицалардың мәнін табу әдістері
Авторы: Омаров Әшімхан Кәрібайұлы.
Математикада осы күнге дейін теорияда немесе практикада болсын әлі қолданыста болмаған матрицалардың мәнін табу теориясының элементтері берілген.
2) Химия (көмекшіқұрал)
Авторлары: Таскараева А.А., Омарова Б.А.
Оқу құралында химияның жалпы заңдылықтары туралы мәлімет беріліп, білімді тексеру мақсатында тест тапсырмаларымен толықтырылған.
3) Қазақстан тариxы (XVIII ғасыр-1914жыл) Жұмыс дәптері. 8-сыныпқа арналған оқу құралы
Авторлары: Есенбекова Кулимкоз Шернебаевна., Текебаева Айгүл Қалыбаевна.
Бұл оқу құралы Қазақстан тарихының XVIII ғасыр мен ХХ ғасыр бас кезіндегі тарихының маңызды оқиғалары қамтылған 8-сыныпқа арналған, Қазақстан тарихы оқулығына негізделіп жасалған.
4) Математика Бастауыш сынып оқушыларына арналған анықтамалық жинақ. 1-4 сыныптар.
Авторлары:Қаныбекова А.С Исакова К.С.
Анықтамалық жинақта 1-4 сынып оқушыларына сабаққа өздігінен дайындалуға, ал ата-аналарға балалардың үй жұмысына көмектесу барысында білімдерін бақылауға көмектеседі.
5) «Орта ғасырлар дүние жүзі тарихы» атты әдістемелік құралы.
Авторлары: Есенбекова К.Ш Шокеманова Г.Б.
Аталған әдістемелік оқу құралында орта ғасырлар тарихының әрбір кезеңі, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы мәліметтер қарастырылған.
6) Алгоритмдеу (әдістемелік көмекші құрал).
Авторлары: Болысбаев Б.Ж Бекмурзаева У.Д.
Әдістемелік көмекші құрал мектеп оқушыларының алгоритмдеу білімдері мен шеберліктері және тәжірибелерін шыңдауға арналған.
7) География жұмыс дәптері
Авторы: Ширманова Ж.Т.
Жұмыс дәптеріне енгізілген сұрақтар 6 сынып «Физикалық география» -географиялық білімнің бастапқы курсы, 7-сынып «Материктер мен мұхиттар географиясы» - жекелеген материктер мен мұхиттар табиғатын қарастырса, 8-сынып «Қазақстанның физикалық географиясы» -Қазақстан табиғатын, 9 сынып – Дүниежүзінің географиялық жағдайын қарастырып, оқушының өз бетінше ізденіп, жұмыс жасау машығын қалыптастырады.
9) Биология (талапкерлерге арналған жұмыс дәптері)
Авторлары: Анарбаева С.А Омарова Б.С.
Бұл оқу құралында мектеп бағдарламасы бойынша «биология» пәнінен ең басты сұрақтар қамтылған . Сонымен бірге тақырыптарды игеруді, олар туралы нақты қайталау арқылы еске түсіруді қалыптастыратын етіп жасалған.
10) Қазақ тілі (5-6 сынып оқушыларына арналған деңгейлік тапсырмалар).
Авторлары: Қарақұлова Г.Ж., Тәліпбаева Г.С.
Берілген тапсырмалар оқушылардың әрбір тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеп, кемшіліктерін толықтырып отыруға көмегін тигізеді деген сенімдеміз, әдістемелік құралда оқушының танымдық қабілетін , өзінің ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында "Тіл" туралы қанатты сөздер мен ұлттық-танымдық атаулар, қызықты мәліметтер берілді.
11) Сборник упражнений по орфографии. Учебное пособие по русскому языку.
Авторлары: Калдыкозова С., Мауленова Г., Сейданова Г.
Пособие содержит задания по орфографии, а также текстовой материал по развитию устной и письменной речи. В основе пособия оригинальная методическая система, позволяющая сформировать орфографическую и коммуникативную компетенцию учащихся.
12) Country studies -Елтану -Страноведение (сұрақ-жауап жиынтығы).Талапкерге арналған оқу -әдістемелік құрал.
Авторы:Ерназарова Б.Қ.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда орта білім беретінмектептердің ағылшын пәнінің бағдарламасына сәйкес дайындалған, қиындық деңгейі жоғары сұрақтар сұрақ-жауап ретінде берілген.
13)Математика.Элементар функциялардың графиктері мен геометриялық фигуралардың сызбалары берілген есептер (талапкерке арналған оқу – әдістемелік құрал).
Авторы: Омаров Ә.К.
Оқу – әдістемелік құрал, мектеп математикасындағы теориялық білімдерді есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын шыңдауға, пысықтауға ықпал етеді. Бұл көмекші құрал мектеп оқушыларына, талапкерлерге, студенттерге және мұғалімдерге арналған.
2016-2017 оқу жылдарында жарық көрген оқу-әдістемелік құралдары:
1) Қазақ тілі (өзіндік жұмыс дәптері 3-сынып).
Авторлары:Сексенова З.Ш., Аджибаева Н.У.
Бұл өзіндік жұмысында оқушының бойында шығармашылық қабілетін ояту мен оны дамытуға бағытталған тапсырмалар қамтылған. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар оқушыларды өз бетімен мәтінді құрастыра білуге дағдыландырады.
2) Орта ғасырлардағы дүниежүзі тарихы. Жұмыс дәптері.
Авторлары: Есенбекова Кулимкоз Ширнебаевна, Шокеманова Гүлжан Бахтбаевна, Текебаева Айгүл Қалыбаевна.
Аталған әдістемелік оқу құралында орта ғасырлардағы дүниежүзі тарихының негізгі оқиғалары 7-сыныпта өтілген материал бойынша қамтылып сұрақ, ашық тесттер түрінде берілген. Орта ғасырлар тарихының әрбір кезеңі, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы мәліметтер қарастырылған.
3) Қазақстан тариxы (XVIII ғасыр-1914жыл) 8-сыныпқа арналған жұмыс дәптері.
Авторлары: Орынбеков Арман Шымбайұлы, Табылдиева Айжан Темірханқызы.
Ұсынылып отырған жинақта, 8-сынып оқулығы бойынша Қазақстан тарихының XVIII ғасыр мен 1914 жылдар аралығындағы мәліметтер ашық сұрақтар негізінде түзілген. Тапсырмалар оқулықтағы тақырыптар негізінде сұрақтар арқылы берілді. Өтілген тақырыптар бойынша түзілген сұрақтар оқушылардың алған білімдерін қайталауға мүмкіндік береді. Әр тақырып бойынша білімдерін пысықтауға және есте сақтауға көмектеседі.
4) Қазақстан тариxы (ХХ ғасырдың басы мен қазіргі кезеңге дейін) 9-сыныпқа арналған жұмыс дәптері.
Авторлары: Орынбеков Арман Шымбайұлы, Табылдиева Айжан Темірханқызы.
Ұсынылып отырған жұмысдәптерінде 9-сынып Қазақстан тарихының қазіргі заман тарихы ХХ ғасырдың басы мен қазіргі кезеңге дейінгі аралықты қамтиды. Оқулықтан алған білімді қайталауға мүмкіндік береді.
5) Орта ғасырлардағы Қазақстан тариxы 7-сыныпқа арналған қосымша жұмыс дәптері.
Авторлары: Орынбеков Арман Шымбайұлы, Табылдиева Айжан Темірханқызы.
Ұсынылып отырған жинақта7-сынып оқулығы бойынша «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» XVIII ғасыр мен 1914 жылдар аралығындағы мәліметтер ашық сұрақтар негізінде түзілген. Тапсырмалар оқулықтағы тақырыптар негізінде сұрақтар арқылы берілді. Өтілген тақырыптар бойынша түзілген сұрақтар оқушылардың алған білімдерін қайталауына мүмкіндік береді. Әр тақырып бойынша білімдерін пысықтауға және есте сақтауға көмектеседі.
6) Физика:7-8 сыныптарға арналған тест тапсырмалар жинағы.
Авторлары: Абдукаримова А.Қ., Ахмед Г.А.
Көмекші құрал, мектеп физикасындағы теориялық білімдерді есеп шығаруда, тест тапсырмаларын орындауда оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытады, қызығушылығын оятады.Физика пәнінен 7-8 сыныптарға арналған әдістемелік көмекші құралы мұғалімдер мен оқушыларға арналған.
7) Қазақ тілі тест тапсырмалары.
Авторлары: Бекжанова А.Д., Сараманова С.К.
Жинақтағы тапсырмалар 4 тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша жүйеленіп берілген. Сонымен бірге тест жинағының ерекшілігі оқушылардың үйде ата-аналарымен бірге білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
8)Математика пәнінен өзіндік жұмыс дәптері:3 сынып оқушыларына арналған ". Авторлары:Мылтыкбаева Ш.А., Рсмбетов Е.С.
Өзіндік жұмыс дәптерінде берілген логикалық тапсырмалар оқушылардың өз ойын жеткізе білуге,логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік жұмыс дәптері математика әлемінің терең сырларын меңгеруде күнделікті білім білік дағдыларын үйретіп,баланың меңгерген білімін бақылайды.
9) Русский язык в таблицах и кластерах 5-9 классы.Учебное пособие по подготовке к ЕНТ. Авторлары: В.К Тасимова, Ш.У.Сейткулова.
Учебное пособие представляет собой обобщенный сборник правил в таблицах и кластерах по основным разделам курса русского языка: фонетика, графика, лексика, фразеология, словооброзование, орфография и орфоэпия, морфология, синтаксис и т.д.
10)Алгебра.8-сынып жұмыс дәптері.Автор:Шыныбекова, А.Қ.,Калбаев Н.М.
Жұмыс дәптерінде оқушыларды 8 – сынып «Алгебра» курсының тақырыптарына берілген есептерді шығару жолымен орындауға, жауаптарын дұрыс жазуға дағдыландыру болып табылады.
11) Математика. Өзіндік жұмыс дәптері.1-сынып. Авторлары: Наретова П.Н., Турсунбаева Г.Р.
Өзіндік жұмыста суреттегі заттар арқылы дұрыс санай алуға, өз ойын жеткізе білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған.
Математика әлемінің терең сырларын меңгереді, күнделікті білім, білік дағдыларын үйретіп, баланың меңгерген білімін бақылайтын өзіндік жұмыс дәптері.
12) Қолданбалы грамматика. Оқу-әдістемелік құралы.
Авторлары: Байгараева Айсулу Ешбердыкызы, Кадиркулова Жаннат Ниязовна.
Ағылшын тілінің грамматикасы қазақ тіл құбылыстарымен салыстырмалы түрде қарастырылып, ағылшын тілін үйренуде анна тілі кедергі боларлық немесе жеңілдік тигізетін жақтары көрсетілген.
13) Математика. 2-сынып оқушыларына арналған «Өзіндік және бақылау» жұмысы. Авторы: Исакова Калдыкыз Сериковна.
Математика пәні бойынша 2-сыныптарға «Өзіндік және бақылау жұмыстары» оқу құралы жалпыға міндетті білім беру стандарттың талаптарына сай құрастырылған. Бастауыш сыныпта кездесетін барлық түсініктер, сондай-ақ есеп түрлері кестелі есептерде тест тапсырмалары құрастырылған.
14) Математика. 1-сыныптарға арналған өзіндік жұмыс дәптері.
Авторлары: Бабашова Н.С., Айтмамбетова А.Т.
Өзіндік жұмысы математика әлемінің терең сырларын меңгереді, күнделікті білім-білік дағдыларын үйретіп, баланың меңгерген білімін бақылайды.
15) Қазақ тілі (1-4 сыныптарға арналған ережелер жинағы) әдістемелік көмекші құралы. Авторы: Джубасова Зерегүл Сайдаханқызы.
Көмекші құралда бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында шығармашылығын дамытуға, пән олимпиадасына дайындауына және жан-жақты ізденуіне мүмкіндік береді.
2017-2018 оқу жылдарында жарық көрген оқу-әдістемелік құралдары:
1)Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын мәтіндерге арналған тапсырмалар жинағы. Авторлары: С.Апетова, К.Беркинбаева, А.Арапова
Жинақтағы мәтіндер білім сапасын арттыруда ағылшын тілі сабақтары үшін қосымша көмекші материал бола алады. Қамтылған материалдар педагогтерге қызметін тиімді және сапалы жүргізуге көмек береді.
2) «Нұрлы көштің тұңғышы» - очерктер, сыр сұхбаттар, әңгімелер мен өлеңдер. Автор: Ходжакелдиева Р.Е., Ахметова Ә.Ә.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев қабылдаған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында елімізде іргелі елдімекендер бой көтерді. Ұлы даласын аңсаған ағайынға құтты мекен болған жердің бірі – оңтүстіктегі «Асар» мөлтекауданы. Қасиетті қазақ жеріне келген ағайын ел дамуына елеулі үлес қосуды басты борышы деп біледі.
3)Математикалық сауатталық.
Авторлары: Айдарбеков Е.С., Айдарбекова А.Ж., Калбаева Н.М., Шокеманов Е.К., Тілеубердиева Ф.Е.
Ұсынылып отырған көмекші оқу құралында, оқушыларда есептерді шығару дағдысын қалыптастырады, есептерді шешуде жаттанды емес, саналы түрде өздігінше шығара білуге үйретеді. Көмекші құралда есептер кестелерде, тест түрінде және бағанды диаграмма түрінде беріліп, кей есептер жауаптарын тексеру үшін жауабымен берілген.
4) Ағылшын тілі (5-11 сынып оқушыларына арналған фонетико-грамматикалық жинақ).
Авторлары: Аширова М.Ж., Нурлибаева Р.А., Пазилбекова Ш.Б.
Фонетико-грамматикалық жинақтың мақсаты- ағылшын тілін үйренушілерге ағылшын дыбыстарын, әріптерін, олардың түрлі буындарда оқылу ережелерін, төменгі сынып оқушыларына тілді жеңіл түрде үйренуге арналған ритмикалық өлеңдерін, мақал-мәтелдерін, бұрыс етістіктер кестесін, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер жайлы толық мәліметтерін, грамматикасын кестелер (таблицалар) арқылы тез арада түсіндіріп, фонетикалық және грамматикалық тапсырмалардын әтижелі орындауға дайындау.
5)Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған құрал. – Астана: «Арман - ПВ» баспасы. Авторлары: Іргебаев Ғ.Д., Орынбеков А.Ш.
Ұсынылып отырған оқу құралында орта білім бағдарламасы негізінде көне заманнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы, сондай-ақ ҰБТ-ға дайындалуға керекті мектеп бағдарламасына сәйкес материалдар толықтай қамтылып берілді. Оқу құралында келтірілген әрбір тарихи оқиғаның бастауы, сипаты мен барысы, себеп – салдары, тарихи маңызы жеке – дара талдап көрсетілген. Кітап оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, сол деңгейдегі түсінікті тілмен жазылды. Құрал мектеп оқушылары мен талапкерлерге арналған.
6) Қазақстан тарихы. 6-11 сыныпқа арналған әдістемелік оқу құрал.
Іргебаев Ғ.Д, Орынбеков А.Ш. Алматы, Әдістемелік оқу құралы жалпы білім беретін мектептің ҚР білім және ғылым министрлігі ұсынып, бекіткен оқулықтар негізінде жасалған:
6-сынып-Қазақстанның ежелгі тарихы.
7-сынып – Орта ғасырлардағы Қазақстан
8-сынып – Қазақстан тарихы(XVIII ғ-1914 ж.), З.Е.Қабылдинов
9-сынып – Қазақстан тарихы (1914-2004 жж.) оқулықтарының базалық бағдарламасына сәйкес тақырыптар сызба-кесте түрінде берілген. Әдістемелік оқу құралы мектеп оқушыларына және мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ға дайындалуына көмек ретінде ұсынылады.
7) Эсселер жинағы7 Әдістемелік көмекші құрал.
Авторлары: Г.Тәліпбаева, Г.Қарақұлова
11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауда эссе жұмысын жазу барысына дайындауға әдістемелік тұрғыдан көмек беруге, бағалауға арналған. Эссе жұмыстарымен бірге ұсынылады.
2018-2019 оқу жылдарында жарық көрген оқу-әдістемелік құралдары:
Биология пәнінен 8-сыныпта ағылшын тілінде оқытудың тиімді жолдары (оқу-әдістемелік құрал)
Авторлары: Умбеталиева А.М., Чичерина М.А., Айтбаева Ш.С., Базарбаева С.
Әдістемелік құралда 8-сыныпта биология пәнін ағылшын тілінде оқыту әдістемелері, оның ішінде CLIL әдістемесін қолдану мен күнтізбелік және қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгілері, сонымен қатар биологиялық терминдердің қазақша-орысша-ағылшынша сөздігі берілген. Сабақ барысында қолдануға тиімді дидатикалық тапсырмалар мен материалдар қамтылған.
2019-2020 оқу жылдарында жарық көрген оқу-әдістемелік құралдары:
1) Сборник правил и упражнений по орфографии русского языка (учебное – методичесое пособие).
Авторы: Сейткулова Шахноза Умаровна.
Пособие «Сборник правил и упражнений по орфографии русского языка» предназначено для школьников 9-11 классов для подготовки к выпускному экзамену за курс основной школы, а таже к ВОУД и ЕНТ.
2) «Қазақ әдебиеті» - көмекші құрал.
Авторлары: Айдарбекова С., Апбазова М., Мельдебаева А
Көмекші құрал халық ауыз әдебиетінен бастап, Ежелгі дәуір әдебиетін толық қамтып, ХХ ғасырдың басы мен қазіргі кезеңге дейінгі аралықтағы кезеңдерден ашық тест ретінде құрастырылған. Кітапты пайдалана отырып, оқушылар сұрақ бойынша жауап беруге, өз білімін тереңдетуге қол жеткізеді.
3) Қазақстан тарихы (әдістемелік құрал).
Авторлары: Орынбеков А.Ш., Табылдиева А.Т.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда, Қазақстан тарихынан мәліметтер берілген. Әдістемелік құрал еліміздің тарихы бойынша ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын оқиғаларды қайталауға мүмкіндік береді.
4) Игра как средство развития познавательной активности школьников на уроках русского языка (учебное – методичесое пособие).
Авторы: Муталиева А.Е.
Пособие нацелено на совершенствование знаний, умений и навыков учащихся 5-9 классов, повышение их позновательной активности и интереса к изучению русского языка.
5) Технология активных методов обучения на уроках руссого языка и литературы(учебное – методичесое пособие).
Авторы: Кугедиева Замира Тоғайбайқызы.
В учебно – методическом пособии раскрываются теоретическое и методические проблемы использования игровых технологий на уроках русского языка.
6) Қазақ тілі (5-сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптері).
Авторлары: Бакирова К.М., Каримбаева Н.Ю.
Әдістемелік жинақ 5-сыныптың қазақ тілі оқулығына енген әдеби тіл нормалары тақырыптар бойынша жасалды.
7) Ұлы даланың ұлттық спорттық ойындарына оқушыларды баулуға арналған авторлық бағдарлама.
Авторлары: Кадиров С.М., Турдалиев С.А., Кушимов Д.Ж.
Бұл оқу әдістемелік құралы дене тәрбиесі сабағында қазақ халқының ұлттық спортты ойындары: «Шөген – ат спорты», «Асық», «Тоғызқұмалақ» және т.б ойындарына оқушыларды баулуға арналған.
2020-2021 оқу жылдарында жарық көрген оқу-әдістемелік құралдары:
1)Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша оқу-әдістемелік құрал
Авторлары: Абишева Ш.У., Диханов М.П., Шыныбекова А.К.
Ұсынылып отырған көмекші құралда 11-сынып «ҰТ-де математикалық сауаттылық» курсының тақырыптары қарастырылған.
2) Бастауыш сынып оқушыларына математикадан шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Авторлары: Даулетбахова К.Ж., Уристемова С.К.
Оқушылардың шығармашылығын дамытуға ықпал ететін көмекші құрал.
3) Медициналық білім негіздері
Авторлары: Туратбаева К.К., Ережепова Л.М., Анарбаева С.А., Базарбаева С.И.
Авторлық бағдарлама жалпы білім мекемелері мұғалімдеріне арналған.
4) Жан азық
Авторлары: Ходжакелдиева Р.Е.,Мельдебаева А.Т., Аханова С.Б.
Кітап барша оқырманға арналған.
5) Қазақстан тарихы (оқу-әдістемелік құрал)
Авторлары: Іргебаев Ғ.Д., Орынбеков А.Ш.
Сіздерге ұсынылып отырған оқу құралында орта білім бағдарламасы негізінде көне заманнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы, сондай-ақ ҰБТ-ға дайындалуға керекті мектеп бағдарламасына сәйкес материалдар толықтай қамтылып берілді. Оқу құралында келтірілген әрбір тарихи оқиғаның бастауы, сипаты мен барысы, себеп-салдары, тарихи маңызы жеке дара талдап көрсетілді. Құрал мектеп оқушылары мен талапкерлерге арналған.
Дана қазақтың «Ұстаның заты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген нақылы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының жастарға білім берумен қатар өз еңбегінің, тәжірибесінің өмірін ұзартып, әдістемелік құралдар шығарумен айналысып жүрген ізденімпаз ұстаздарына арналып айтылса керек. «Оқу – инемен құдық қазғандай» дегендей, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының шығармашыл ұстаздарының алдағы уақытта өздерінің тынымсыз ізденістері арқылы қол жеткізер биіктерінің көп екеніне сенімдіміз