Ата-аналар жиналысы. Ашық есік күні. » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Шымкент қаласы білім басқармасының
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 41-82-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 41-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ата-аналар жиналысы. Ашық есік күні.
23
октябрь
2019

Ата-аналар жиналысы. Ашық есік күні.

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №90 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қылмыссыз балалық шақ" айлығының жоспары негізінде
 көркемдік жетекші М.Айнабаева 10-сынып оқушылары арасында 2019 жылы 10 қазан күні сағат 12:30 да оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және шығармашылығын дамыту мақсатында мектепішілік «Ата-ана» және «Ұстаздарға» құрмет тақырыбында пікірталас өтті. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
 
                             
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты 90 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 Б сынып жетекшісі
 А.Абдыжапбаров оқушыларымен 1 қазан қарттар күніне орай "Қарты бар үйдің өрісі кең, ырысы бекем" тақырыбында қамқоршылық кеңесінің мүшесі Асанов Ғаппар атаның шаңырағында болып, тәрбиелік мәнді әңгіме тыңдап, үлгі- өнеге алды. Оқушыларымыз өздерінің өнерлерін ортаға салып, алғысқа ие болды.



















                        
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты 90 жалпы орта білім беретін мектебінде 18.09.2019 жылы "Қылмыссыз балалық шақ" айлығы "Ата - аналармен жұмыс" күнінде ата-аналар жиналысы "Отбасы - тәрбие айнасы" тақырыбында коучинг өткізілді. Коучинг барысында "Ұл тәрбиесі", "Қыз тәрбиесі", "Жыныстық тәрбие", "Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу" тақырыптары кеңінен талқыланып, ата-аналармен сауалнама жүргізілді.
                                 
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 90 жалпы орта білім беретін мектебінде 15.05.2019 жылы 15 МАМЫР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ қарсаңында ұйымдастырылған ата-аналар конференциясына Шымкент қаласы білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Текебаева Айгүл Қалыбайқызы арнайы келіп, ата-аналармен ашық əңгіме жүргізе отырып, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 131 мектеп арасында үздік білім сапасымен жəне Халықаралық, Республикалық пəн олимпиада жүлдегерлерінің көптігімен, үздік, жанашыл, ізденімпаз ұстаздардың жұмысын мақтан етеміз деп атап өтті. Міне, осындай ынтымағы жарасқан ұжым басшысы Арман Шымбайұлының жаңашыл идеяларының арқасында, жалпы ұжымға жəне ата-аналарға алғыс білдірді. Жиын соңында Республикалық жеңімпаздарды өзі арнайы көпшілік алдында марапаттады.
 1.Қызылорда қаласында өткен ҚР БЖҒМ жалпы білім беретін пəндер бойынша ІV -Республикалық пəн олимпиадасының жеңімпазы Қазақстан тарихы пəнінен 10сынып оқушысы Ералиев Бекзат БЖҒ министрі К.Шамшидинованың ІІдəрежелі дипломы жəне Күміс медалімен марапаттады.
 2.Қызылорда қаласында өткен Қазақстан тарихы пəнінен КССРО білім беру ісінің үздігі С.Нұртаев атындағы 10 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының жеңімпазы 90жобб мектебінің 10 сынып оқушысы Ералиев Бекзат Қызылорда облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт директоры Б.Елеусіновтың І дəрежелі дипломы жəне 120 000 тг ақшалай сыйлығымен марапатталды. Жетекшісі: Табылдиева Айжан Темірханқызына алғыс білдірді.
 ҚББ тарапынан кітаптар мен сувинер тапсырылды.
 3. Алматы қаласында өткен ҚРБЖҒМ Республикалық мектеп оқушылар арасында жалпы пəндер бойынша республикалық ғылыми конкурсының республикалық кезеңінде үздік жобасы үшін тарих жəне құқық секциясы бойынша 90 жобб мектебінің 11 сынып оқушысы Райханова Гулнура БЖҒ министрі Е.Сағадиевтің ІІІ дəрежелі дипломы жəне қола медалімен марапатталды.Жетекшісі: Есенбекова Күлімкөз Ширнебайқызы
 4. ҚРБЖҒ министрлігі "ДАРЫН" Республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Менің кіші Отаным" жас тарихшылар интеллектуалдық курсында 90жобб мектебінің 9 сынып оқушысы Даулетова Гулзат Вице-Министр Э.Суханбердиеваның ІІІ дəрежелі дипломымен марапатталды. Жетекшісі: Табылдиева Айжан Темірханқызы.
 Шымкент қалалық білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қалыбайқызына 90 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы жəне ата-аналар атынан алғыс білдіреміз.








Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 90 жалпы орта білім беретін мектебінде әр айдың 12-сі күні ата-аналар үшін "Ашық есік" күні ұйымдастырылады. Мектеп оқушылары мен ата-аналарды, ұстаздарды тығыз байланыстырып тұратын бұл процесс нәтижелі жемісін көрсетіп жатыр. Ашық есік күнінде ата-аналар өз балаларының білім деңгейін қадағалауға мүмкіндігі зор.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Гость HermanDek
18 апреля 2020 10:24
detroit ---- Хочешь поиграть в онлайн игры? ---- отпугиватель собак купить ---- Для собак магазин ---- ввгнг ls 4х25 ---- Если нужен софт ---- Microsoft Security Essentials для Windows 8 x64 скачать