Жетістіктер галереясы
Мектептедарынды әрі қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ҚР БжҒМ-нің №514 бұйрығы мен «Дарын» РҒПО-ның жоспарына сай мектепішілік жұмыс жоспары жасақталып, соның негізінде жұмыстар атқарылып келеді. Дарынды оқушылардың тізімі толықтырылып, әр пән мұғаліміғылыми жоба, олимпиада, түрлі деңгейдегі байқаулар мен сайыстарға қатыстыратын оқушыларды анықтап, тізімін жасайды және өзінің перспективалық жоспарын ұсынады және мектепішілік кесте жасалып, бекітіледі. Бекітілген кесте бойынша жыл бойы оқушылардың дайындықтары жүйелі түрде қадағаланады. Жетістікке жеткен оқушылар және оның жетекшілері де мектеп директорының өзінің жекелей сыйақысымен марапатталып отырады. ҰБТ нәтижесі бойынша 200-ден астам қала мектептері арасында Үздік үштік қатарында келеді.
Елбасы медалі – 82 оқушы;
Халықаралық олимпиадалар, ғылыми жоба, түрлі байқау, сайыстар – 75 оқушы;
Республикалық олимпиадалар, ғылыми жоба, түрлі байқау, сайыстар – 193 оқушы;
Облыстық/қалалық олимпиадалар, ғылыми жоба, түрлі байқау, сайыстар – 568 оқушы;
Интернет олимпиадалар мен байқаулар – 577 оқушы.
«ҚР Үздік 100 олимпиадалық мектеп» құрамында:
2021 жылы:ҚР бойынша 7391 мектеп барын ескерсек) 53-орында;
2022 жылы:(7711 мектеп бар екенін ескерсек) 37-орында;
Республикалық пәндік олимпиададан:1 Алтын, 6 Күміс, 4 Қола медаль;
Республикалық ғылыми жоба конкурсынан: 1 Алтын, 2 Күміс, 3 Қола медаль, 1 Грант.
2023 жылы: Республикалық пәндік олимпиададан:1 Алтын, 2 Қола медаль, 1 Грамота;
Республикалық ғылыми жоба конкурсынан: 1 Күміс медаль.


