Мектеп тарихы » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Шымкент қаласы білім басқармасының
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 41-82-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 41-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

Мектеп тарихы

Білім беру – бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін, нәтижесі бір күн немесе бір жылда көрінбейтін құндылық. Көпшілік қауымға ортақ игілік. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – тек қана білім. Осы орайда Шымкент қаласындағы №90 мамандандырылған мектеп-гимназиясының 2012 жылы ашылғаннан бері   ұлттың болашағы – жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолындағы жемісті де жеңісті қызметі көпшіліке танымал. 

№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия 2012 жылы 6 қыркүйекте тұңғыш президент Н. Назарбаевтың «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында тұрғызылған «Асар» мөлтекауданында ашылған. Оқушылар контигентінің 98%-ы көршілес мемлекеттерден (Өзбекстан, Түркіменстан, ҚХР, т.б.) қоныс аударып келген қандастардың балалары. 2020 жылы Президент Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Абай есімін беру ұсынылды, қазіргі таңда ономастика бөлімі ресми түрде аталуымен айналысуда. Аталмыш білім беру мекемесі алдымен, 2012 жылы «жалпы орта мектеп», 2020 жылы тамыз айында «гимназия», сол жылы желтоқсанда «дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия» мәртебесін алды. 

Оқу үдерісінің сапалы ұйымдастырылуына да ерекше назар аударылады. Мұғалімдер жаңартылған білім мазмұны аясында түгелдей сертификатталған. 63 оқу кабинеті, заманауи үлгіде жабдықталған арнайы STEM, биология, химия, физика  кабинеттері және ағылшын, орыс тілдеріне арналған лингафондық кабинеттер бар. Мұғалімдерге сабақтарын түрлендіріп өту үшін барлық жағдайлар жасалған. Барлық кабинеттер интернетке қосылған компьютерлермен қамтамасыз етілген. 2012 жылы ашылғаннан бері 75 түлек - «Алтын белгі»,  55  түлек - «Үздік аттестат», мемлекеттік Грант иегерлерінің саны 1000-ға жуық, жыл сайын ҰБТ көрсеткішімен үздік үштік қатарынан көрініп келеді. Мектепішілік «Ақиқат» ОҒҚ жұмыс жасайды, ҚР БжҒМ-нің «514» бұйрығына және «Дарын» РҒПО-ның жоспарына сай қалалық деңгейдегі олимпиада, ғылыми жоба, түрлі зияткерлік сайыс, байқаулардан 500-ден астам оқушы, республикалық және халықаралық деңгейлердегі олимпиада, ғылыми жоба, түрлі зияткерлік сайыс, байқаулардан 100-ге жуық оқушы жүлдегер атанды. Жалпы білім пәндері бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінде 11 оқушы жеңімпаз атанып, Шымкент қаласы бойынша №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы Үздік үштікке енді. «Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық мектебінің» құрамына кірді. Қала мектептері, ЖОО, колледждер арасында «Елбасы медалімен» 90-ке жуық оқушы марапатталып, нәтижесі бойынша 1-орынға шықты.

Мектеп директоры және тарих пәнінің мұғалімі Орынбеков Арман Шымбайұлы Қазақстан Республикасының "Үздік педагог-2019" байқауының жеңімпазы   атанып, Үздік ондыққа еніп, Лондон қаласында өткен "Әлем мұғалімі – 2020"  және «Әлем мұғалімі – 2021» жүлделерінің іріктеу кезеңдеріне қатысты.Шымкент қаласынан тұңғыш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды. 

Білім ордасында ұжым басшысынан үлгі алып, жетістікке жетіп жүрген ұстаздар да аз емес. Өнер саласында өзінің көп жылдық жемісті еңбегі үшін Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауында болып, Алғыс хатымен марапатталған, Білім беру ісінің Үздігі, зейнеткерлікке шықса да, білім саласынан қол үзбей, шәкірттері республикалық, халықаралық деңгейде өнер биігін бағындырған тәжірбиелі ұстаз Амрина Роза, тарих пәнінің мұғалімі, ҚР-ның «Үздік педагог – 2020» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы, республикалық олимпиада жеңімпаздарын дайындаған Табылдиева Айжан Темірханқызы, тарих пәнінің мұғалімі, 2021 жылы ҚР-ның «Үздік педагогы – 2021» байқауының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алған, республикалық олимпиада жеңімпаздарын дайындаған Есенбекова Күлімкөз Шірнебайқызы және 2022 жылы «Өлкетану» оқулығының авторы, республикалық олимипиада, ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздарын тәрбиелеп шығарған Ширманова Жанар Томанқызы сияқты ұстаздар да мақтауға тұрарлық үлгілі ұстаздар. 

Мектеп-гимназиясында бала өмірінің қауіпсіздігі басты назарда. Осы орайда адамның бет-әлпетін танитын турникеттер орнатылған. Оқу кабинеттеріне, мектеп дәлізінің қалтарыс жерлеріне, спорт залдарда, асхананың ас дайындау бөлмесі демеушілер тарапынан бейнебақылау құрылғыларымен жарақтандырылған. Ұялы телефондағы қосымша жүктеме арқылы ата-аналар да баласын бақылай алады. Мектептің Ішкі тәртіп ережесіне сәйкес оқушылар мен мұғалімдердің ұялы телефонды мектеп ғимаратына алып кіріп, сабақ барысында қолдануына тиым салынған. 

Жалпы, оқушылардың бойында қазақ халқының тарихына деген қызығушылықтың,  Отанға деген сүйіспеншіліктің қалыптасуына ерекше мән беріледі. Таңертең ҚР Гимні қойылып, мектеп ауласына, ғимаратқа кірген кез келген мұғалім, оқушы, ата-ана тоқтай қалып, қолын сол кеудесіне қойып, орындауға тиісті. Бұдан бөлек, тарихи құнды жәдігерлер: Алып Тайқазанның ағаштан жасалған көшірмесі, Алтын Адам макеті,  киіз үй, қос дөңгелекті арба, т.б. оқушылардың ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттырады.

Ашылғалы бері Абайдың шығармашылығын насихаттауға кеңінен көңіл бөлініп келеді. Абай қарасөздерін әр аптаның бейсенбі күні талдау жүйелі жолға қойылған. 


Өнерпаз оқушылар үшін демеушілер тарапынан ұлттық киімдер тігіліп, ұлттық аспаптар алынды, мольберттер жасалынды. 


«АҚ  Ордасы» корпорациясының төрағасы Қалыбеков Садулла Жантөреұлы мектеп ашылғалы бері мектептің әр түрлі қажеттілігіне демеушілік көрсетіп келе жатқан, елге сыйлы азамат.

 Оқушылардың ән айтуға машықтануы үшін вокал, хор үйірмелері, би үйрететін хореография, сахналық қойылымға машықтандыратын және қолөнерге баулитын үйірмелер де жұмыс жүргізеді. Мектеп дәліздеріне қойылған шахмат үстелдері де, бастауыш сынып оқушыларына арнап арнайы сатып алынған логикалық ойындар да оқушылар логикасын дамытуға  игі әсер етуде. Дебат клубы да оқушыларды ұшқыр ойлауға жетелейді. «Оқуға құштар мектеп жобасының» аясында кітапханада түрлі іс-шаралар да жүйелі өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда қалалық, республикалық конкурс, байқаулардан 500-ден астам оқушы жүлделі орынға ие болған.

Салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға да баса назар аударылады. 30-ға жуық спорттық үйірмелер жұмыс істейді.  Әртүрлі деңгейдегі түрлі спорттық жарыстардан 700-ге жуық жүлдегерлер шықты. 

Балаға білім беру жолында өз білімдері мен біліктіліктерін мектеп мұғалімдері де ұдайы шыңдап отырады. І тоқсаннан кейін күзгі демалыс кезінде мектепішілік мұғалімдер олимпиадасы: пән бойынша тестілеу, ЖМБС-да оқушылардың пән бойынша меңгеріп шығу дағдыларын білуі, Блум таксономиясына негізделген ҚМЖ құру, эссе жазу сияқты кезеңдер бойынша өткізіліп тұрады. Іріктелген жеңімпаз мұғалімдер қалалық мұғалімдер олимпиадасына жіберіледі. Сәуір айында 2-рет өткізіліп, ҚР «Үздік педагог» байқауына іріктеу жүргізіледі. Арман Шымбайұлының идеясымен және әдістемелік қолдау көрсетуінің арқасында 94 ғылыми-әдістемелік құралдар, оқулық және көмекші құралдар құрастырды. Оларға Қазақстанның Еңбек Ері, Білім саласының үздігі Аягүл Миразова да жоғары баға берді. 

Білім ордасында оқушылардың бейініне, түрлі қабілеттеріне қарай дамыту, тәжірибелік жұмыстардың жүзеге асуына да көптеген мүмкіндіктер бар. Әсіресе, екі қолмен жазу арқылы мидың екі жартышарын дамытуға ықпал ету үшін тәрбие сағаттарында 15 минут машықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Оқу бағдарламасынан Әліппе оқулығы алынып тасталғанда, мектеп басшысы Арман Шымбайұлының тапсырмасымен, 1-сынып оқушыларына кітапханадағы Әліппе оқулықтары таратылып беріліп, қосымша пайдалануға берілді. 2022 жылы Әліппе оқулығы ҚР БҒжМ-нің тарапынан оқу бағдарламасына қайта ендірілгені мәлім.

Әр тоқсан сайын әкімшілік тоқсандық жиынтық бақылау жұмысын алу кешенді түрде жүргізіледі. ТЖБ спецификациясына негізделіп жасалған тапсырмалардан шебер педагогтер мен республиканың үздік мұғалімдерінен тұратын сараптама тобының мүшелері 2 нұсқадан тұратын әкімшілік ТЖБ тапсырмаларын құрастырады. Кесте бойынша бақылау жұмысын алуға да, тексеруге де пән мұғалімдері қатыстырылмайды. Сараптама тобы тексеріп болған соң, мониторингі шығарылады, бұл бағаның шынайы, әділ қойылуына ықпал етіп, білім сапасының көтерілуіне әкеледі. 

Оқушылар жаратылыстану пәндері бойынша алған білімдерін тәжірибелік тұрғыда мектеп жанынан «ZERO MAX» зауытының директоры Қалыбеков Нұржан Жантөреұлының демеушілігімен құрылған жылыжайда жүзеге асыра алады.

 Жанды табиғат бұрышы жасақталған, кептер, қоян өсіріледі және қырғауыл өсіру қолға алынған.

Қуаң далада бой көтерген мектеп ауласын көгалдандыру үшін демеушілермен бірлескен қыруар жұмыстар жүргізілді: 3500-дай  жеміс, декоративті ағаштар, 3000-ға жуық раушан гүлі, 500-ге жуық қызғалдақ отырғызылды. «Менің ағашым менімен бірге өседі» атты ағаш егу іс-шарасын ұйымдастыруды дәстүрге айналды. 

Аталған жетістіктерге қол жеткізу мен іс-шаралардың 10 жылдан астам ғана уақыттың тізгініне кіретінін бағамдасақ, білім беру ұйымының алдағы онжылдықта алар асулары мен биіктері көп екені көңілге нық сенім ұялатады.


2012 жыл



2022 жыл


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив