30
октябрь
2021
Оқуға құштар мектеп жобасы
Әл-Фараби кітапханасында 20.10.2021 ж "Заң және Заман" атты танымдық сабақ өткізілді. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап табысқа апарар дара жол" Bookdating- іскерлік алаңы аясында мәдениет, спорт, сот, прокурор т.б тұлғалармен кездесу өткізу мақсатында Шымкент қалалық сотының кәмелетке толмаған істері жөніндегі мамандандырылған сот төрағасы Сайханов Дәурен Түсіпханұлы және Шымкент қаласы сотының баспасөз хатшысы Дүйсенбиев Қабыл Тұрарұлымен кездесу болды N90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия 8 А ,8 Ә, 8 Б сынып оқушыларын кітапхана меңгерушісі Л.Ж.Асемованың ұйымдастыруымен осы іс-шараға қатысты. Заң туралы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және т.б көптеген мәселелерде іс-тәжірибелерін жастарға айтып берді. Оқушылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға ағаларымыз жауап берді.