Мектеп тарихы » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Шымкент қаласы білім басқармасының
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 41-82-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 41-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2019

Мектеп тарихы

№90 жалпы орта білім беретін мектебі

Еуразия   материгінің  жүрегінде орналасқан, Тәуелсіз  мемлекет атанған Қазақстанның оңтүстігіндегі сұлу да әсем Шымкент қаласында   2012-2013 оқу жылының қыркүйек айында №90 жалпы орта мектебі өз жұмысын бастады. 

Білім ордасында 3000 нан астам оқушы оқиды. Мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында 5000 түптен астам жеміс және декоративті ағаштар,  3000-нан астам раушан гүлі отырғызылған. Жыл сайын 130 қала мектептері   арасында ҰБТ көрсеткіші бойынша 90-мектеп бірінші орында келеді. 

2012-2013 оқу жылында алтын ұя мектебімізді 66 жас жеткіншік бітірсе, соның ішінде 33-і ҰБТ-ға қатысып  нәтижесінде орта балл 90%-ды көрсетіп нәтижесінде қала көлемінде мектебіміз І орынды иеленді және 20-дан асам түлектеріміз жоғарғы оқу орындарының грант иегерлері атанды. мектептің алғашқы түлектерінің ішінде Әбдірайымов Абылай 110 балл көрсеткішімен "Алтын белгі" иегері болса, 108 балл жинаған Қантаева Құралай мен Тұрғынбаева Перизат "Үздік аттестатты" иеленді. 

2013-2014 оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл көрсетіп 126 мектептің ішінде алғашқы ондыққа енді. "Алтын белгіге" үміткер Аташова Ақбота 116 балмен "Алтын белгі" иегері атанды.

2014-2015 оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша 101 балмен қала мектептері арасында бірінші орынға шықты. 5 оқушы "Алтын белгі" иегері атанды.

2015-2016 оқу жылын ҰБТ қорытындысы бойынша 98,2 орта балмен қала мектептері арасында үздік нәтиже көрсетіп, тағы да дәстүрлі І орынды иеленіп, 2 "Үздік аттестат" және 9 "Алтын белгі" иегерлері өз төсбелгілерін ақтады. 

2016-2017 оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша 100,1 орта балмен қала мектептері арасында үздік нәтиже көрсетіп, тағы да дәстүрлі І орынды иеленіп, 9 "Үздік аттестат" және 13 "Алтын белгі" иегерлері өз төсбелгілерін ақтады. 

2017-2018 оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша 98 орта балмен қала мектептері арасында үздік нәтиже көрсетіп, тағы да дәстүрлі І орынды иеленіп, 9 "Үздік аттестат" және 11 "Алтын белгі" иегерлері өз төсбелгілерін ақтады. 

2018-2019 оқу жылында ҰБТ көрсеткіші бойынша да, орта балы- 107 балды құрап,  қала бойынша бірінші орынға шықты. 8 "Үздік аттестат" және 6 "Алтын белгі" иегерлері өз төсбелгілерін ақтады. 

Бүгінгі таңда 500- ден астам түлек еліміздің таңдаулы ЖОО- ның мемлекеттік грант иегері атанған. 46 Алтын белгі, 28 Үздік аттестат иегері шықты. Спорт,өнер саласында 200-ден астам қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстардағы жүлделі орындарды жеңіп алған. 2018-2019 жылы 10 сынып оқушысы Ералиев Бекзат Тарих пәнінен Республикалық пәндік олимпиададан күміс медаль мен 2-дәрежелі дипломға ие болса, Райханова Гүлнұр республикалық ғылыми жобалар конкурсында 3-орынды жеңіп алды. 150-ден астам жүлделі орындарды оқушылар қалалық, облыстық және республикалық олимпиада, түрлі білім сайыс, интеллектуалдық байқауларда жеңіп алған. Ералиев Бекзаттың ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстанның дарынды оқушыларымен 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырған кездесуінде болып қайтқаны да, ерен жетістіктің бірі. Ал, мектеп мұғалімдері  60-астам оқу-әдістемелік құралдарын шығарған, әртүрлі байқау, олимпиадаларда 100-ге жуық жүлделі орын иегері. Қазанның  3 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында Арман Шымбайұлы ҚР БҒМ ұйымдастырған "Үздік педагог" республикалық байқауының жеңімпазы ретінде марапатталып, үздік 10 финалистің қатарына еніп, «Әлем педагогы 2020» байқауына Қазақстан Республикасының атынан іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив