Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Шымкент қаласы білім басқармасының
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 41-82-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 41-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы
15
май
2025

Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы

💫💫💫Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы
🗓️2025 жылғы 15 мамыр күні «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы» атты қалалық іс-шара өтті.  
⭐⭐⭐Аталған іс-шараны  №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы, №89 IT мектеп-лицейі, №135 жалпы білім беретін орта мектебі «Шымсити» демалыс саябағында  ұйымдастырды.  1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар, ардагер педагогтар, зиялы қауым өкілдері, шығармашыл жастар мен қала тұрғындары қатысты. 
🎤🎤🎤Қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармаларын поэтикалық-музыкалық композициялар мен театрландырылған қойылымдар арқылы сахналап, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, өз өнерлерін паш етті.
Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара қала тұрғындарына ерекше рухани серпін мен жоғары көңіл-күй сыйлады. Шығармашыл жастар мен тұрғындар отбасы құндылықтары мен ұлттық рухты ұлықтау жолында белсенділік танытты.
Айта кетейік, бұл бастама – отбасы институтын нығайту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және Абай мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай тағылымды шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өтіп, қоғамның рухани дамуына оң әсерін тигізе бермек.
#АбайОтбасында
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив