МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚҰРАМЫ » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Шымкент қаласы білім басқармасының
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 41-82-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 41-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚҰРАМЫ
01
сентябрь
2023

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚҰРАМЫ

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚҰРАМЫ

Жұмысты ұйымдастыруда мектеп басқару, сапалы білім беруде нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, сауатты, стратегиялық жаңа жұмыс жоспары жасалуы тиіс екендігі белгілі. Сол себепті мектеп әкімшілігі істі жоспарлап, келешекті болжай білуі, басты мәселелерді айқындап алуы, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білуі қажет. Дәл осы мақсатта В. А. Сухомлинский «Келешекті дұрыс жоспарлап, болжай алмаған басшы, шалағай басшы.  Ол компассыз ашық теңізге шығып, тұманда адасушы теңізшімен пара-пар» - деп  аса орынды айтқан. Жоспарсыз – жобасыз іс болуы тиіс емес.  Ал сол жоспарды жүзеге асыру жұмыстарын шебер ұйымдастырып, қадағалап, нәтижелі боуына ықпал ететін – мектеп әкімшілігі. 

Орынбеков Арман Шымбайұлы 1978 жылы 11 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келді. 1993 жылы 15 жасында мектеп- гимназияны, 1997 жылы 19 жасында Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірді. Еңбек жолын 1997жылы балалар және жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары болып бастады.1998-2012 жылдары Шымкент медициналық колледжінде оқытушы, Жетісай қаласындағы №6 Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының         мұғалімі, №69 Шымкент қалалық дарынды балаларға арналған лицейде мұғалім, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2012-2020 жылдары №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия директоры, 2020 жылдан бастап №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқаруда. Педагогиканың тарих ғылымының магистрі. Қазақстан педагогикалық академиясының профессоры. 1999-2022 жылдар аралығында облыстық, республикалық пән олимпиадаларында республикалық және халықаралық конкурстарда, ғылыми жобалар конференциясында, кіші ғылым академиясында, ғылыми конференцияларда 100-ден астам оқушысы жүлделі орындар, грамоталардың иегерлері болды.



Ибрагим Ботагөз Жақыпқызы - №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және бастауыш сынып мұғалімі. Біліктілік санаты – педагог-зерттеуші. 

Оңалбеков Ерман Оңалбекұлы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және география пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты – педагог-зерттеуші



Момбиева Улжалгас Абуовна - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және информатика пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты – жоғары. Магистр.


Гасанов Гусейн Атаханович- №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және дене шынықтыру пәні мұғалімі. Біліктілік санаты – педагог-зерттеуші.



Турсунбаева Гулбану Разаковна - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және бастауыш сынып мұғалімі. Біліктілік санаты – педагог-зерттеуші.


Бакирова Кулаш Махаматуллина - директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Біліктілік санаты – педагог-зерттеуші.


Амирова Айгуль Калдарбековна- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және ағылшын тілі пәні мұғалімі. Біліктілік санаты – педагог-зерттеуші.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив