30
октябрь
2021
«Салауатты өмір салтын насихаттау» және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту
№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия
дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен 2021 жылы 10-шы қазан күні Асар мөлтек ауданының тұрғындары арасында
«Салауатты өмір салтын насихаттау» және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
30 жылдығын атап өту мақсатында
кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Футболдан жарысына 20 команда қатысып шеберліктерін шыңдады. Жарыста орын алған командаларға І -орын 50 мың, ІІ- орын 30 мың, ІІІ-орын 20 мың, ІV-орын 10 мың теңге ақшалай сайлықтар мен медаль, кубоктар бірге табысталды. Үздік ойын көрсеткен ойыншыларда ақшалай марапатталды. Жарыс кезінде №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия атынан ас таратылды.
Жарыс төмендегідей аяқталды І-орын Пушкин командасы, ІІ-орын – Құрылтай командасы, ІІІ-орын Намуна командаларына бұйырды.