"Математика - ақыл-ойдың әуені" математика кафедрасының онкүндігі » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Шымкент қаласы білім басқармасының
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 41-82-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 41-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Математика - ақыл-ойдың әуені" математика кафедрасының онкүндігі
30
октябрь
2021

"Математика - ақыл-ойдың әуені" математика кафедрасының онкүндігі

 Онкүндік барысында математика пәні мұғалімдері яғни кафедрадағы 13 мұғалім өздерінің шығармашыл ізденістерін ашық сабақтарда, сыныптан тыс іс-шараларда  тәжірибе алмасты. Онкүндік іс-шаралары педагогикалық шеберлікті жетілдіру, пәнаралық нәтижені қалыптастыру, оқушылардың оқуға мотивациясын дамыту, математика ғылымына қызуғушылығы мен ой-өрісін кеңейтуге үлес қосты.
Онкүндік барысында өткізілген ашық сабақтардан Айдарбеков Елдос Сейділдәұлының 8 «Б» сыныбына  «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» және  Калбаев Нұрғали Махамбеткуловичтің  10 «Ә» сыныбымен  «Құрамында кері тригонометриялық өрнектері бар өрнектер», Садиров Бекет 8 «Г» сыныбымен  «Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері» және Айдарбекова Айжамал Жиенбайқызының 8 «А» сыныбына  «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру»  тақырыбында өткен ашық сабақтары жоғары деңгейде өткізілді.  
Сондай -ақ, біздің кафедраның өміріне жаңа толқын әкелген біздің жас мамандар өздерін көрсете білді - бұл Қамбарбекова Айнұр  6 «А» сыныбымен  Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар, тақырыбында ашық сабаққа балалар жас ерекшелігін ескере отырып өте жақсы деңгейде дайындықпен сабақ өткізді. Қамбарбекова Айнұр  мен Атымтаев Хусан оларға шығармашылық  батылдық пен кәсіби өсуді тілейміз.
Шокеманов Ержан Қазыбайұлы  және  Калбаев Нұрғали Махамбеткулович «Математикалық эстафета» тақырыбында спортпен байланыстыра отырып 10 сыныптар арасында сайыс сабақ ұйымдастырылып, оқушылар өте қызығушылықпен белсене қатысты. 
Онкүндік барысында  өткізілген сабақтардың барлығы дерлік жоғары деңгейде өткізіліп сабаққа басқа пән мұғалімдері де қатысып өте жақсы деген баға берді.
Онкүндіктің жабылуы жоғары деңгейде Кошкарова Рабиға Базарбайқызы мен Абдукаримова Ұлсерік Алтынбековна апайлар ұйымдастырды.  
"Математика - ақыл-ойдың әуені"  тақырыбындағы математика кафедрасының онкүндігінің жабылуы  
іс- шараға қатысып отырған математика пән мұғалімдері мен басқада пән мұғалімдеріне сөз беріліп әрі қарай  математикалық ән ұранмен басталып іс шара өте қызықты және оқушылар қызығушылығын тудырардай  сұрақтар мен математикалық жұмбақтармен ұштасып, онкүндік барысында белсене қатысқан оқушыларға марапаттар ұсынылды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив