№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы 2026-2027 оқу жылына конкурстық негізде шәкірттер қабылдайды.
Құрметті ата-аналар және 6-сынып оқушылары!
Шымкент қаласы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы 2026-2027 оқу жылына конкурстық негізде шәкірттер қабылдайды. Конкурсқа 6-сынып оқушылары өтінім тапсыра алады. Құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау 2026 жылы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сілтемесі бойынша өтеді.
Ол үшін:
- баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
- ЖСН көрсетілген үміткерлердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Үміткердің электрондық адресін көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фото суреттері бар анықтамасы;
- Үміткердің ¾ көлеміндегі 2 дана фотосуреті қажет.
7-сынып үміткерлеріне келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары беріледі:
- Математика және логика - 55 сұрақ
- Оқу сауаттылығы -10 сұрақ
- Қазақстан тарихы -10 сұрақ
Тестілеуге бөлінген уақыт 120 минут. Конкурстан ең жоғарғы балл жинаған 75 оқушы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 7-сыныбына қабылданады.
Мектепте жоғарғы дәрежелі дәріс оқитын білікті ғылым кандидаттары мен доценттер, үздік педагог байқауының жеңімпаздары, педагог-шебер, педагог-зерттеуші ұстаздар қызмет етеді. Әр жылы білім алған түлектердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік грант иегері атануда. Былтырғы жылы білім ошағынан 173 түлек үлкен өмірге жол алды. Оның ішінде 8 – «алтын белгі» , 17 – «үздік аттестат» иегері, 135 – грант иеленгері атанса, 8 – оқушы шетелге оқуға түсті.
Оқушылар сабақтан бос уақытта мектептегі кітап қоры жақсы жинақталған кітапханада уақыттарын пайдалы өткізеді. Білім ұясының дарынды да, талантты шәкірттері халықаралық, республикалық, қалалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, биіктерден көрініп жүр. Аталған білім ошағы пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар дайындауда соңғы 3 жылда көш бастап, «Үздік 100 олимпиадалық мектеп» қатарына еніп отыр. Мектепте оқушыларды өнер мен спортқа баулитын 17 үйірме жұмыс жасайды.
Сапалы білім алып, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының түлегі атанғыңыз келсе, біздің мектептің шәкірті болуға асығыңыз!
Өтініш білдірген ата-аналар онлайн форматта qabyldau.daryn.kz сілтемесі бойынша тіркеліп немесе Шымкент қаласы Асар мөлтекауданы Ақкөпір көшесі №1969А ғимаратына келіп өтініш бере алады.
Байланыс телефондары 8(7252)41-82-10, 8705-214-69-70,
Оқытушылар (доцент, кандидат) -5
Магистр – 40
Педагог-шебер – 7
Педагог-зерттеуші – 64
Педагог-сарапшы – 54
Педагог-модератор – 59
2013-2026 жж арасындағы грант иегерлерінің саны – 1140
2013-2026 жж арасындағы алтын белгі – 95
2013-2026 жж арасындағы үздік аттестат алғандар саны – 95
2024-2025 оқу жылының Алтын белгі иегерлері саны - 8
Үздік аттестат иегері - 17
грант иеленгендер саны - 135
Шетелге оқуға түскен түлектер саны - 8