3-сынып II жарты жылдық » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Шымкент қаласы білім басқармасының
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 41-82-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 41-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 3-сынып II жарты жылдық
12
апрель
2022

3-сынып II жарты жылдық

ЕҢБЕКҚОРДЫҢ ЕСЕСІ ТҮГЕЛ
Бай мен кедей көрші болыпты. Кедей еңбекқор екен. Үйінің
жанына мал қора салудан қолы босамапты. Қора болғанда қандай.
Жып-жылы.
- Осы сенің есің ауысқан ба? – деп күліпті достары. – Қора салғаның не? Малың сыймай бара жатыр ма?
Кедей миығынан күліпті де қойыпты.
Сол жылы қыс өте қатты болады. Көрші байдың мыңғырған
малы суықтан қырыла бастайды.
Ол еңіреп кедейге келеді де:
- Малдарым қораңда қыстап шықсыншы. Аман шықса, көктемгі
төлдері сенікі, - дейді.
Кедей байдың сөзіне келіседі. Сөйтіп, көктем шыға оның
қорасы малға толып шыға келіпті.
«Қайратты ерге бақ тұрар», «Еңбекқордың есесі түгел» деген
мақалдар осындай еңбекқор адамдарға байланысты айтылған болса
керек.
(98 сөз)


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив