12
апрель
2022
3-сынып II жарты жылдық
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда терең апанға түсіп
кетеді. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп апанға кез
болады. Түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, онда не істеп тұрсың? – дейді.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі шөлдеп, әрі
ыстықтан өліп едім. Апанның іші салқын, түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті.
Мұны естіген ешкі: «Мен де салқындайын әрі су ішейін», -деп
ойлап, секіріп апанға түседі. Ал түлкі секіріп ешкінің үстіне шығады. Онан мүйізіне шығады. Онан ырғып далаға шығып, жөніне кетеді.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген нақыл сөз
осыдан қалыпты.
(95 сөз)