3-сынып II жарты жылдық » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Коммунальное государственное учреждение
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 41-82-10
Бухгалтерия
+7(7252) 41-82-16
Версия для
слабовидящих
» 3-сынып II жарты жылдық
12
апрель
2022

3-сынып II жарты жылдық

Түлкі жайылып жүрген бір қазды ұстап алады. Оны біраз
мазақтайын деп ойлайды. Қазды алдыңғы екі аяғымен басып тұрады да, мұртынан күліп:
- Е, қаз, сенің қолыңа мен түссем, не істер едің? - деп сұрайды.
Қаз сәл ойланып тұрып:
- Сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеме қоямын да,
көзімді жұмып: «Құдай, бергеніңе шүкір!» деп жеп қояр едім, - дейді.
- Мынауың дұрыс екен. Мен де сені өзің айтқандай етіп жейін, -
дейді түлкі.
Ол қазды тістеп , алдыңғы екі аяғын қусырып, көзін жұмып:
- Е, құдай! –дей бергенде, қаз қанатын қағып-қағып ұша жөнеледі.
Түлкі аузын ашып, шоңқиып қала береді.
(92 сөз)


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив