12
апрель
2022
3-сынып II жарты жылдық
ТҮЛКІ МЕН ТҮЙЕ
Түлкі тоғайда түйені көреді. Денесі ойқы-шойқы, олпы-солпы
екен. Осыдан бірдеңе түсіп қалар деп алыстан аңдып жүреді.
Бір күні түйе өзеннің арғы жағына өтеді. Оны бақылап тұрған
түлкі:
- Уа, түйе, су терең бе екен? – деп сұрайды.
- Терең емес, тізеден ғана.
- Тізеден ғана болса, таяз екен, - деп түлкі суға түседі де, арғы
жағаға қарай жүре бастайды. Әрі қарай жүрген сайын батып,
қылғынып бара жатады. Сол кезде түлкі түйеге айғай салады:
- Тізеден дегенің қане, мен батып барам ғой!
- Е, сенің тізең мен менің тізем бірдей ме? «Әлін білмеген әлек»
деген осы, - дейді түйе.
(92 сөз)