Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысының мақсаты:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы негізінде 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асыруды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жұмыс жүргізу;
- Мектеп оқушыларының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында;
- Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау;
- Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
- Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында жастар патриотизм тәрбиелеуге және мұғалімдердің сана-сезімін жаңғыртуға аса мән береді.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
- Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
- Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
- Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
- Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
- Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ эволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басшылыққа алуына ықпал ету.
- Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
- Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
- Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
- Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру.
- Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен аулыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі, ұлт ететін мәдени-генетикалық кодтың негізі.
Ата-аналар алқасы
- Барлық сыныптарда ата-аналар жиналыстарын өткізіп, белсенді ата-аналар ватсап чаты құрылды.
- Қыркүйек айында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы» тақырыбында ата-аналар жиналысы сынып кабинеттерінде өткізілді.
- Қараша айында «Отбасы - тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында ата-аналар жиналысы сынып кабинеттерінде өткізілді.
- Қаңтар айында «Рухани адамгершілік тәрбиенің отбасында алар рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы сынып кабинеттерінде өткізілді.
Тәртіптік Кеңестің жұмысы
ü Мектепішілік есепке алынған оқушыларды үйірмелер мен спорт секцияларына баулу жұмыстары жүргізілді.
ü Тәрбиесі қиын, отбасы нашар оқушыларға тәлімгерлер бекіту жұмыстары жүргізілді.
- Тәртіптік кеңес отырысының №7 хаттамасының шешімі негізінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртібі қиын, қиынға бейім оқушылардың арасында қылмысты болдырмау мақсатында 3 оқушы мектепішілік есепке алынды.
Ұлдар кеңесі құрылып, төрағасы болып АӘД пәнінің мұғалімі Н.Сидиков бекітілген.
Ұлдар кеңесінің орынбасарлары болып 8-11 сыныптар бойынша С.Кадировқа, 1-7 сыныптар бойынша С.Турдалиевке бекітілген.
Қыздар кеңесі құрылып, қыздар кеңесінің төрайымы қоғамдық жұмыс негізінде тарих пәнінің мұғалімі А.Табылдиеваға бекітілген.Қыздар кеңесінің орынбасарлары болып қоғамдық жұмыс негізінде
8-11 сыныптар бойынша А.Байтемірға,1-7 сыныптар бойынша Г.Кемероваға және хатшы болып педагог-ұйымдастырушы Л.Ирсимбетовабекітілген.
Әкелер кеңесі құрылып, Әкелер кеңесінің төрағасы болып Молдадосов Жанат Қайыпұлы бекітілген.
Әкелер кеңесінің орынбасары болып Султанбеков Бакытжан Оспанович және хатшы болып АӘД пәнінің мұғалімі Сидиков Нұрбек бекітілген.
Аналар-әжелер кеңесі құрылып, Аналар-әжелер кеңесінің төрайымы болып Имажанова Алмагуль Усенбеавна бекітілген.
Аналар-әжелер кеңесінің орынбасары болып Сарсенбаева Мадина Шайкбекқызы және хатшы болып педагог-ұйымдастырушы Л.Ирсимбетова, Аналар-әжелер кеңесінің мүшелері болып Акимбаева Айнура Ерденовна,
Раймкулова Дурия Ушкемпировна, Есқараева Гүлбаян бекітілген.