3-сынып II жарты жылдық » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Коммунальное государственное учреждение
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 41-82-10
Бухгалтерия
+7(7252) 41-82-16
Версия для
слабовидящих
» 3-сынып II жарты жылдық
12
апрель
2022

3-сынып II жарты жылдық

АЮ ЖӘНЕ БӨРЕНЕ
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез
болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі
шұбырып, оны жегісі келіпті. Аю ағаш басына өрмелеп, ұяға
жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты.
Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жіберді. Ары серпілген ауыр
бөрене өз салмағымен қайта оралғанда, аюдың басына сарт ете
қалады. Қара күшке сенген ожар аю ашуланып, бөренені одан бетер
қатты итереді. Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына
тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналады. Бұған ызаланған аю бар күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде, қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып түсіреді.
 (100сөз)

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив