3-сынып II жарты жылдық » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Коммунальное государственное учреждение
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 41-82-10
Бухгалтерия
+7(7252) 41-82-16
Версия для
слабовидящих
» 3-сынып II жарты жылдық
12
апрель
2022

3-сынып II жарты жылдық

ҚЫЗ БЕН ДАРИЯ
 Жел әлі арғы беттен еді. Толқындар жағаға бұрынғыша шылпшылп соғып жатты. Қыз бұрқырап аққан дарияның желді күнгі күйін
тыңдады. Ол дария жағасында талай рет болған. Бірақ, дәл қазіргідей зер салып тыңдамапты.
 Дария бұған белгісіз үнмен тіл қатып жатқандай. Оның, не деп
жатқанын да түсінді. Көңілі жақын беймаза үннен дарияның өзін
сағынғанын, өзінің дарияны сағынғанын сезінді.
 Арғы беттен соққан жиде гүлінің иісі келді. Өзін рақат сезімге
бөлеген жұпар ауаны Сарықыз құмарта жұтып, мейірі қанғанша
иіскеді. «Ендігі бір келгенде Балабекті ерте келермін», - деп ойлады
ішінен.
 Қыз тәтті қиял құшағында жатып, кенет әкесін ойлады. Әкесі
есіне түскен сәтте қолындағы жыртылған суретке қарады.
( 99 сөз)

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив