Ұстаздар күні » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 41-82-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 41-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2019

Ұстаздар күні

2019 жылы 4 қазан күні Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты 90 жалпы орта білім беретін мектебінде Мұғалімдер күніне орай "Мектептің жүрегі - мұғалім" атты мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шара мектептің домбырашылар ансамблінің орындауындағы Н.Тілендиевтің "Әлқисса", Құрманғазының "Балбырауын" күйлерімен ерекше леппен басталып, мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Тұрғымбаеваның ұстаздарды мерекелік құттықтауына, марапаттауына ұласты. Мектеп ұстаздарына арналған мектепті бітіріп кеткен түлектердің арнайы құттықтау видеорликтерін тамашалады. Іс-шараны ары қарай Білім беру ісінің Үздігі, өнер қайраткері Р.Амринаның жетекшілігімен мектеп оқушылары хорының орындауындағы Ұстазым", "Жасай бер, Қазақстаным" әндерімен және 4 "Ә" сынып оқушысының жеке орындауындағы "Ақбақай" әнімен жалғасып, Сымбат" бишілер тобының мың бұралған "Қазақша вальс", "Шашу" билерімен үйлесім тапты. 4 "А", 8 "Ә" сынып оқушыларының ұстаздарға арналған қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі жыр шумақтары, 10 "А" сыныбының ұстаздардың оқушылық өмірі туралы көрінісі көпшілік көңілінен шығып, іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив