Орыстың атақты ұлы ақыны Лермонтов Михаил Юрьевич
Шымкен қаласы ҚББ-на қарасты N90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия кітапханасында Кітапханашылар мен орыс тілі пән мұғалімі Р.Шахабаева "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында орыстың атақты ұлы ақыны Лермонтов Михаил Юрьевичті еске алу. (1814-1841) оның лирикалық поэзияны дамытудағы еңбегі қандай зор болса,көркем прозаны дамытудағы еңбегі соншалық зор. Лермонтов өлеңдері жас кезінде Москва университетінің пансионатында оқып жүргенде жаза бастаған. Лермонтов 300 дей өлең, 16 поэма, 3 драмалық шығарма жазған. Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз Лермонтовты тек оқып қоймай,өлеңдерін аудару мен ғана шектелген жоқ.Абайдың Лермонтов поэзиясына деген ықыласы ерекше еді. Бүгінгі ұйымдастырған іс-шарамыздың мақсаты аз ғұмырын өлеңге арнап, осы біздің жас ұрпақтарымыздың жадында екендігін дәлелдеді. Лермонтов өлеңдерін жатқа айтып берген оқушыларымыз орыс ақыны жайында көптеген мағлұматтарға қанықты.
