Халқы үшін туған қайратты ер "Т.Жүргенов"-125жас
Шымкент қаласының ҚББ-на қарасты N90 ДБАМ мектеп-гимназия кітапханасында Халқы үшін туған қайратты ер "Т.Жүргенов"-125жас атты іс-шарасын кітапханашылар мен музыка пән мұғалімі Л.Джолдасова 5и сыныбымен бірлесе өткізілді. Мақсаты:Халқым деп жанын берген,қамшының сабындай өмірін тек елім,жерім деп сарп еткен қайраткер азамат.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Жаңаталап ауылдық әкімшілігіне қарасты Қараның қыстауында дүниеге келген.1917 жылы Уфа жер шаруашылығы училищесінде білім алған. Темірбек Жүргенов 1918 жылдан бастап түрлі лауазымды жауапты қызметтер атқарып,1926-29жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының ректоры болған.Т.Жүргенов ойы ұшқыр,қаламы қарымды публицист."Қазақстандағы мәдениет революциясы,Қазақстандағы сауатсыздық жою кітаптары т.б шығармалары мен мақалалары бар.Қорыта келе: Қай заманда болмасын,қай қоғамда болмасын қазақ халқы әруақ сыйлаған халықпыз"Өлі риза болмай тірі байымас "дегендей атамыздың аты аталып 100деген аса құнды шығармаларынан оқушылар сыр шертті.
