28
октябрь
2023
Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл
Шымкент қаласы ҚББ-на қарасты N90 ДБАМ мектеп-гимназия кітапханасында 10в сынып жетекшісі Оспанова Зина апаймен кітапханашылардың ұйымдастыруымен Оқуға құштар мектеп жобасы аясында "Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл"атты іс-шарасы болып өтті. Мақсаты: Білімпаз, ғалым, ақын, асқан ойшыл, бүкіл түркі жұртының рухани атасы, сопылық әдебиетінің өкілі жайлы мағлұмат беру. Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерінен үзінді оқып, Ясауи атамыздың жерленген кесенесі жайлы оқушылар мүдірмей 24 хан сұлтан, 51батыр,18 бидің сүйегі жерленгені жайлы көптеген мағлұматтармен бөлісті.
