12
апрель
2022
3-сынып II жарты жылдық
АТ ҚОЙҒЫШ ӘЖЕ
Жасы алпыстан асқан әжемде бір қызық қасет бар. Атасына,
енесіне, қайнағасымен қайнына, абысыны мен келініне, әзілі
жарасқан құрдасына ойнақы ат ойлап таба қояды. Бұрын ауылдық
кеңестің төрағасы болған Алдан деген атасына "Ауылнай ата" деп
ат қойыпты. Қасқырбай атты қайнағасын "Қандыауыз қайнаға"
дейді екен.
Әжем өзіне еркелеп жүретін қайындарының бірін "Сұлу мұрт",
екіншісін "Бұйра бас" деп атайды . Жеңілтек мінезді Салықбай деген құрдасын "Су жұқпас" дейді.
Әжемнің кенже келінінің аты – Ақыл. Бұл енесінің аты
болғандықтан, әжем оны "Кемеңгер келін" дейді.
Ат қоюдан біз де құр қалмадық. Әжемнің маған қойған аты -
"Бота". Менен үш жас үлкен ағамды "Тайлақ" деп шақырады.
(97 сөз)