3-сынып II жарты жылдық » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Коммунальное государственное учреждение
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 41-82-10
Бухгалтерия
+7(7252) 41-82-16
Версия для
слабовидящих
» 3-сынып II жарты жылдық
12
апрель
2022

3-сынып II жарты жылдық

Суретші аспанмен астасқан Алатаудың көк-жасыл шыршасы
сіресе өскен жайпақ қапталдың етегіне өрлеп барып тоқтады.
Айналасындағы әсем көріністерге сұқтана қарап біраз тұрды. Таза
ауамен кеудесін кере тыныс ауған суретші керме тақтайын қарсы
алдына жайды. Қобдишасынан бояуларын, қыл қаламдарын алды.
Суретші назарына сылқым қайың, сылаң қарағай көмкерген сұлу
таудың ғажайып келбеті бірден ілінді.
 Әсемдікті айнытпай сызудың жүйесін тапқан ол жұмысына
құлшына кірісті. Ақ жібек жейдесінің тамақ түймелерін ағытып,
кеудесін ашып тастады. Жұмысына бүкіл зейінін салып, алаңсыз,
ынтамен құштарлана кірісті.
 Жаратылыстың ең ізгі асыл қасиеттері, тау –тастың сұлу
келбеті болжымай қағаз бетіне түсіп жатты.
(92 сөз)


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив