3-сынып II жарты жылдық » №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы
Коммунальное государственное учреждение
№90 ДБАМ
мектеп-гимназиясы
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 41-82-10
Бухгалтерия
+7(7252) 41-82-16
Версия для
слабовидящих
» 3-сынып II жарты жылдық
12
апрель
2022

3-сынып II жарты жылдық

Азамат қара жіп пен ине тауып алып, шолақ шалбарының
жыртылған жерін тігіп келді. Тігілген жерді Балқадиша көріп:
- Әкел, жөндеп тігіп берейін. Қолдан келгенше адамдар бір-біріне
қолғабыс етулері керек, - деді.
Нұржан аула сыпырғанда, Азамат қаз-үйрекке жем шашып, су
құйып, жеміс-жидек ағаштары мен гүлдерді суғарды.
Ертеңіне әжесі де жетті. Азамат әжесіне Балқадиша мен
Қалқаман ағайдың жақсы адамдар екенін айтып еді, әжесі:
- Жақсы азамат бола бастаған, қарағым, сен өзің екенсің. Еңбек ел
құрметіне бөлейді. Еріншек адам әрдайым көпшіліктің сыйлауынан, алғысынан құр алақан қалады. Балам, шама-шарқыңа қарай үйренгенің өзіңе жақсы, - деді.
Р.Әбдіқадырова
(91 сөз)


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив