12
апрель
2022
3-сынып ІІ жарты жылдық
ӘБУНАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
Әбунасыр әл-Фараби – Орта ғасырда өмір сүрген аса көрнекті
ғалым, ірі ғылыми зерттеулер жүргізген данышпан.
Философия, медицина, математика, музыка салалары
бойынша қыруар ғылыми талдаулар жасаған. Ғалымның ғылыми
еңбектерін кейінгі ғұламалар өнеге тұтқан.
Фараби шығармаларының біздің заманымызға жеткені
қырық шақты. Бүгінгі жаһандану дәуірінде де ғалымның ғылыми
еңбектерінің маңызы зор. Бұлар әлемнің әр тараптағы елдерінің
кітапханаларында сақталған және бірталай тілге аударылған.
Қазақ ғалымдары зерттеулер жүргізу нәтижесінде ұлы
бабамыздың шығармаларын қазақ тіліне аударып, том-том кітап
етіп шығарды. Ұрпақтардың Әбунасыр Әл-Фарабиді оқып-білуіне
жол ашты .
(Ол кім? Бұл не?)
(82 сөз)