12
апрель
2022
3-сынып ІІ жарты жылдық
АҚТӨС
Менің Ақтөс дейтін итім бар. Өте ақылды. Маған еркелейді.
Сабақтан келгенде шәуілдеп, қарсы алдымнан жүгіріп шығады. Мен
Ақтөсті «Ақылдым» деп атаймын. Себебі ол үйге бөтен адамды
кіргізбейді. Мені мектепке дейін шығарып салады. Міне, бұндай итті
қалай ақылды демеске.
Ұрсып алдым Ақтөске
Ұста дедім қатты еске!
Құйтың қағып бекерге,
Құйрығыңды көтерме.
Кім екенін білмесең,
Көрінгенге үрме сен.
Сиырға да үресің,
Арбаға да үресің,
Қарғаға да үресің.
Тауықтар мен торғайға
Үрмесең де болмай ма?
Келсе Мұрат, Мұсалар,
Олар менің достарым,
Күні бойы тосқаным.
Балтеңге Шадманова
(81 сөз)